Menu HELPDESK

Almaty Tourism Bureau өкілдерімен кездесу


2024 жылғы 27 ақпанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы қабырғасында ЖОО әкімшілігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Almaty Tourism Bureau өкілдері: MICE туризм департаментінің басшысы Айнұр Төрежанова және MICE туризм халықаралық департаментінің бас менеджері Лейла Ашимовамен арнайы кездесу өтті. Кездесуді ғылыми-шығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ғалия Бегембетова, халықаралық бөлімнің басшысы Дамир Оразымбетов және халықаралық бөлімнің аға менеджері Серғазы Ерғазы өткізді.

Күн тәртібі консерваторияның алдағы жыл сайын өткізілетін Еуропалық Консерваториялар Қауымдастығының конгресіне жалғыз қауымдастырылған мүшесі ретінде, қатысуы болды. Күн тәртібі шеңберінде музыкалық өнер және білім беру саласында шетелдік қонақтар мен мамандарды тартудың маңызды құралдарының бірі ретінде, Алматы қаласында MICE (іскерлік) туризмді дамыту перспективалары талқыланды. Кездесу барысында Консерватория өкілдері мұндай іс-шара халықаралық байланыстарды нығайтуға ғана емес, сонымен қатар ЖОО-да білім мен ғылымның сапасын, сондай-ақ жастар арасында классикалық музыкаға деген қызығушылықты арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Тараптар ынтымақтастықтың басқа да мүмкіндіктерін талқылады.






Альбомдарға оралу