Алматыда Алексей Лундиннің Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттерімен біріккен концерті өтті
17 қазан 2016
16 қазанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерттік залының сахнасында Ресейдің еңбек сіңірген артисі, «Виртуозы Москвы» камералық оркестрінің бірінші скрипкасы және жеке орындаушысы Алексей Лундинннің концертті өтті.
Тыңдарман қауым атақты музыкантты жылы қабылдады. Алексей Лундинмен бірге халықаралық конкурстардың лауреаты Гулжан Үзенбаева (фортепиано) мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының камералық оркестрі өнер көрсетті. Оркестрдің дирижеры республикалық конкурстардың лауреаты Мадияр Тойболды.
Концерт Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының қолдауымен «ЖасSTAR» шығармашыл жастар фестивалі аясында ұйымдастырылды.
Бағдарламада А.Видальдидің Скрипка мен камералық оркестрге арналған «Жыл мезгілдері», С.Франктың Скрипка мен фортепианоға арналған сонатасы (ля мажор), Б.Бартоктың Скрипка мен фортепианоға арналған «Румын билері» орындалды.
Ресейдің еңбек сіңірген артисі Алексей Лундин – жеке шығармашылығын жоғары деңгейде дамытып жүрген тамаша скрипкашы ғана емес, сондай-ақ кең эрудициялы музыкант, әлемге әйгілі «Виртуозы Москвы» музыкалық ұжымының қажымас темперементті көшбасшысы.
Гострольдік сапар аясында Алексей Лундин уақыттың тығыздығына қарамастан консерватория студенттерімен кездесіп, жас скрипкашыларға шеберлік класс өткізді. Шеберлік класс соңында қонағымыз студенттерге кеңес беруді жөн көрді:
«Мүмкін мен қарапайым ой айтармын, бірақ жас музыканттар кейбір жәйттарды ескермейді, сахнаға шыққанда бойыңызды түзу ұстап, мойныңызды қыспай, екі қолды бос ұстаңыз – бұл басты қағида болып саналады».
Құрманғазы атындағағы ҚҰК ақпараттық бөлімі
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025