Алматыда ҚР Халық артисі Жәния Әубәкірованың жеке концерті өтті
2017 жылдың 19 мамырында сағат 19.00-де консерваторияның Үлкен концерттік залында атақты пианист, ҚР халық артисі Жәния Әубәкірованың жеке концерті өтті. Концерт Жәния Әубәкірова шығармашылығының 30 жылдығына арналған үлкен жоба аясында өтті.
Бірінші бөлімде Жәния Әубәкірова И.С.Бахтың «Итальяндық концерті» мен «Хоралдық прелюдиялары» мен И.С.Бах-Ф.Бузонидің «Чаконасын» орындады. Алғашқы дыбыстардан бастап зал іші жарық сәулеге толып, пианист пен оның орындаған музыкасының бірлігін сезіну, көңіл күйдің көтеріңкі болуы, қуаныштың салтанатты аяқталуы – көрермендердің ыстық ілтипатын туғызды. Концерттің екінші бөлімі Фредерик Шопеннің балладасымен ашылды.
«Шопеннің музыкасы – бұл әрдайым өте нәзік, кішігірім қауымға арналған, залда отырған әрбір көрерменге бағытталған тәрізді, - дейді пианист. Шопен музыкасынан құрылған концерттерде үлкен тыныштық болуы кездейсоқ емес. Ол түгелдей құбылмалы, оның гармониясынан аса сезімталдық, нәзіктік, қайғы мен аяушылық сезімдерін байқауға болады. Ал оның музыкасын орындау кезінде саусақтарыңыз әрдайым жеңіл, сондай-ақ терең, қарқынды, сезімтал болуы тиіс».
Алматыдағы жеке концерт Қазақстанның Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, сонымен қатар Еуропаның Женева, Брюссель, Люксембург қалаларында өткен казақ-еуропалық турнесінің бірінші сессиясын аяқтады.
Қазіргі таңда Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры, ҚР Халық артисі Жәния Әубәкірова Астанада қаласынадағы ЭКСПО-2017 сахналарында өтетін Құрманғазы атындағы ҚҰК ұжымдары концерттерінің дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Жәния Әубәкірова шығармашылығының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жыл бойына өтетіндігін естеріңізге сала кетеміз.