Алматыдағы VIII Халықаралық пианистер байқауы
30 қазан 2017
2017 жылдың 8-16 қараша аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмеге арналған VIII Халықаралық пианистер байқауы өтеді.
Байқау ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы. Байқау «Классика» музыкалық агенттігінің қолдауымен өтеді.
Байқау қатысушыларының қатарында Қазақстан, Ресей, Украина, Польша мемлекеттерінің жас пианистері бар.
VIII Халықаралық пианистер байқауының қазылар алқасы құрамы әйгілі музыканттар мен ұстаздардан құрылған: ҚР Халық артисі, Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры, профессор – Жәния Әубәкірова (Қазақстан), П.Чайковский атындағы ММК мен Бостон университетінің профессоры – Павел Нерсесьян (Ресей), халықаралық конкурстадың лауреаты – Момо Кодама (Жапония), халықаралық конкурстардың лауреаты – Александр Корсантия (Грузия-АҚШ), Кемьюнг Университетінің профессоры – Нан Хи Ким (Корея), халықаралық конкурстардың лауреаты, Ұлы Витаутас университеті музыка академиясының доценті Юстас Дварионас (Литва).
Байқау 3 кезеңнен тұрады: екі жеке бөлім, камералық бөлім және оркестрмен өнер көрсету. Байқаудың үшінші кезеңіне Дориан Уилсонның (АҚШ) жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік симфониялық оркестрі қатысады.
Байқаудың барлық іс-шаралары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен залында өтеді.
“Қазақтелеком” АҚ қолдауымен www.pianocompetition.kz cайтында конкурстың онлайн трансляциясы жүргізіледі.
Байқау кестесі:
8 қараша 19.00-де байқаудың салтанатты ашылуы, жеребе алу және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұжымдары мен жеке орындаушыларының концерті өтеді.
I кезең
9 қараша, 10.00-17.45 – жеке бөлім
10 қараша, 10.00-17.45 – жеке бөлім
11 қараша, 19.00 - консерваторияның камералық оркестрі, «D'EL'SA Consort» көне музыка ансамблі, ҚР Халық артисі Жәния Әубәкірова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлжан Өзенбаеваның қатысуымен "Классикалық музыка жақұттары: И.С. Бах, В.А. Моцарт" атты концерті.
Халықаралық конкурстардың лауреаттары:
Ботагөз Айғалкаева, Гүлнара Курамбаева, Арман Тілеубергенов, Әділ Несіпбаев, Рабиға Дюсембаева, Лейла Акшпекова, Александр Романенко.
II кезең
12 қараша, 10.00-17.20 – камералық бөлім (фортепианолық дуэттер)
13 қараша, 10.00-19.15 – жеке бөлім
III кезең
15 қараша, 17.00-21.20 – Симфониялық оркестрмен өнер көрсету (байқау финалы)
16 қараша, 19.00 – Байқаудың жабылу салтанаты, марапаттау. Қонақтар мен лауреаттар концерті
Байқаудың ресми сайты: www.pianocompetition.kz
Байланыс телефондары:
8 -701-272-98-69
8-727-3173032

Қабылдау 2025