Menu HELPDESK

«Altyn Art – 2019» Қазақстан композиторлары байқауының жеңімпаздары анықталды

27 қыркүйек күні Алматы қаласының 1000 жылдығы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдық мерейтойына орайластырылған «Altyn Art – 2019» Қазақстан композиторлары байқауының жеңімпаздары анықталды.
99.jpg

Жобаның басты мақсаты – байқау арқылы еліміздегі жас талантты композиторларды анықтап, олардың шығармашылығына қолдау көрсету.
Байқау 2019 жылдың 29 сәуірінде басталған болатын. Қазылар алқасының құрамына еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына өз үлестерін қосып жүрген кәсіби музыканттар мен сарапшылар кірді. Атап айтсақ, қазылар алқасының төрағасы, Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры – А.Жүдебаев, ҚР композиторлар одағының төрағасы – Б.Қыдырбек,ҚР композиторлар одағының мүшесі – Г.Узенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент, музыкатанушы – Ғ.Бегембетова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент, профессор – А.Абатова және халықаралық конкурстардың лауреаты, білім беру саласының үздігі – К.Халилова.
Байқау нәтижесі бойынша «Композиция» кафедрасының профессоры Бахтияр Аманжол екінші орынға, консерваториямыздың дарынды студенті Абылқайыр Сағымбаев 3 орынға ие болды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Альбомдарға оралу