Анкара музыка және өнер университетінің ректоры Ерол Парлак мырзамен өзара келіссөздер жүргізілді.
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев мырза Түркияның Анкара қаласынан келген қонақ, Анкара музыка және өнер университетінің ректоры Ерол Парлак мырзаны қабылдап, өзара келіссөздер жүргізді.
Қашанда Қазақ еліне ерекше ықылас танытатын түрік ағайындар бұл жолы да қос тараптың кәсіби музыкалық бағытта бір-бірімен тәжірибе алмасуына, ұстаздар мен студенттердің, студенттік шығармашылық ұжымдардың жан-жақты өсуіне ықпал етуге мүмкіндік барын тілге тиек етіп өз ілтипатын білдірді.
Кездесу нәтижесі бойынша екі жақты қарым-қатынасты нығайту үшін ұлттық консерватория тарапынан меморандум жасалып Түркиядан келген әріптестерге ұсынылды. Бауырлас елден келген құрметті қонағымыз көп ұзамай келісімге келіп құжатқа қол қойылатынына сенім білдірді.