Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері чемпион Ардақ Назаровпен кездесті

2017 жылғы 15 наурыз, сағат 12.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жубанов атындағы кіші залында «Іргелі елдің мәдениеті мен спортының дамуы» атты тақырыпта ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, әлем кубогының иегері Ардақ Назаровпен студенттер арасында кездесу өтті.

Кездесуде еліміздің намысын әлемдік аренада қорғап жүрген спортшы Ардақ Назаров жастарға салауатты өмір салты, ұлттық, рухани құндылықтарды насихаттау туралы айтып берді.

Әлем мойындаған чемпион осы спорт түріне қалай  келді, қандай қиындықтардан өтті, жастар тәрбиесі, ер жігіттерге қандай қасиеттер тән болу керектігін айта отырып жастарды өз елінің патриоты болуға шақырды. Еркін форматтағы жүздесуге 200-ден астам студент қатысты.

Ардақ Назаров, ережесіз жекпе-жектен үш дүркін  әлем чемпионы:

- "Біздің тарихымыз өте терең. Оны жастарға кеңінен түсіндіру, олардың патриоттық сезімін арттыру, нағыз ер-азаматқа тән қасиетттерді бойларына сіңіру біздің аға ұрпақтың парызы". 

Кездесу соңында Ардақ Назаров  бүгінгі жастар арасында да ел намысын қорғайтын  азаматтар шығады деп сенім білдірді.

Іс-шара модераторы – аға оқытушы Елнұр Жұмайұлы Жапаров.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Альбомдарға оралу