Menu HELPDESK

Арман Жүдебаев Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымының басшысы Дүйсен Қасейіновпен кездесті

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев  Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымының басшысы Дүйсен Қасейіновпен кездесті. 
Кездесу барысында Дүйсен Қорабайұлы консерваторияның тыныс-тіршілігімен танысып, Арман Әділханұлының жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде Арман Әділханұлы консерваторияның 75 жылдық мерейтойы аясында дайындалып жатқан іс-шаралар жоспарымен бөлісті.  Сонымен қатар болашақта консерватория мен ТҮРІКСОЙ арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселелері де қарастырылды. 
Айта кетейік, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Тарлан» сыйлығы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алып, 1987-1997 жылдар аралығында ұжым басшысы болған.

DSC_6719.JPG

DSC_6725.JPG
Альбомдарға оралу