Арман Жүдебаев жас өнерпаздың арманын орындады
11 желтоқсан 2019
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасындағы «NIET» бағдарламасында қонақ болып, көз жанарынан ерте айырылған Нұрдәулет Сағатбек есімді жасөспірім өнерпазбен кездесті. Нұрдәулеттің жасы 12-де. Қарағанды қаласынан анасымен бірге келген. Анасының айтуы бойынша баласының домбыраға деген қызығушылығы 7 жасынан пайда болып, бүгінгі күні 20-ға жуық күй орындайды. Әлеуметтік желілерден ректорымыздың күй орындағанын тыңдап, Арман Әділханұлымен кездесіп, бірге күй орындасам деген арманы болған екен.
- Кезінде Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей бабаларымыз күйді нотасыз ақ құймақұлақ әдіс арқылы үйренген. Бұл өте үлкен шеберлік. Мен шыны керек өте қатты қуанып отырмын. Нұрдәулет сияқты жас талант иесінің өнеріне жоғары бағамды беремін. Біз осындай дарынды жастарды қолдауға әрдайым дайынбыз. Ең бастысы рухани мықты болу керексің, деді өз сөзінде консерватория ректоры Арман Жүдебаев.
Кездесу барасында ректор Нұрдәулетке өзінің домбырасын сыйға тартып, келесі жылы болатын концертінде бірге өнер көрсетуге шақырды. Сондай-ақ консерваториямыздың білікті ұстаздары Біләл Ысқақов, Айгүл Үлкенбаева сынды майталман күйшілерден сабақ алуға шақырды. Арман Әділханұлы осындай кездесу ұйымдастырған «NIET» бағдарламасына алғасын білдіріп, Нұрдәулетпен бірге Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін орындады.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025