Menu HELPDESK

Астанада өткен музыкатанушылық жұмыстар бойынша конкурстан біздің студенттер лауреат атанды

2017 жылдың 30 наурыз – 1 сәуір аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінде (Астана қ.)  музыкатану мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан 3 курс студенті Ляйля Балмағамбетова мен Вероника Кутенко, 4 курс студенті Екатерина Демитренко қатысты.

Республикалық пәндік олимпиаданың талабы бойынша бірінші кезеңінде студенттер заманауи музыкалық өнердің өзекті мәселелеріне арналған эссе жазса,  екінші кезеңінде өздерінің зерттеушілік жобаларын қорғады.

Қорытынды бойынша біздің екі студент лауреат атанды: Л.Балмағамбетова (3 орын) және Е.Демитренко (3 орын). В.Кутенко дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!

Альбомдарға оралу