Menu HELPDESK

Қайырымдылық концерт

6 наурызда сағат 11.00-де КММ "Жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектерге, жалғыз қарияларға және ерлі-зайыпты егде жұптар отбасыларына арналған әлеуметтік тұрғын үй" мекемесінде, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған қайырымдылық концерт болады.

Концертті ұйымдастырушылар: РММ "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы", "Классика" музыкалық агенттігі, "Samruk Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Әлеуметтік әріптесі.

Концертке солистер мен консерватория ұжымдары қатысады: флейтистер ансамблі, баянистер дуэті; республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары: Тахауи Рахметов (тенор), Сымбат Абдуахап (домбыра), Біржан Айтахметов (халық әні), Димаш Капан (саксофон), Санжар Мырзағұлов,
Нұрдәулет Қадырбай (баян).

Концерттік бағдарламада Ж.Бизе, С. Джоплин, Л. Денц, Абай, Н. Тлендиевтің шығармалары, сондай-ақ халық әндері, джаз тақырыптарындағы импровизация және қазақ әндеріне арналған попурирлер ұсынылады.

Мекен-жайы:
КММ "Жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектерге, жалғыз қарияларға және ерлі-зайыпты егде жұптар отбасыларына арналған әлеуметтік тұрғын үй",
Алматы қаласы , Тілендиев көшесі, 256/1

6_kaz.jpg




Альбомдарға оралу