Қазақ ұлттық консерваториясы мен Григ атындағы Музыкалық Академиясы «Шексіз музыка» атты концертке шақырады
30 қаңтар 2017
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Норвегиядағы Берген университетінің Григ атындағы Музыкалық Академиясы 2017 жылдың 3 ақпанында сағат 19.00-де Үлкен концерттік залда өтетін «Шексіз музыка» атты концертке шақырады.
Аталмыш жоба еліміздің білім беру мекемелері арасындағы «Музыка және өнер саласындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеушілік қауыдастық» атты Халықаралық жобасы аясында өткізілуде. Сондай-ақ, концертке 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың қазақстандық және норвегиялық делигаттарының қатысуы күтілуде.
Бағдарламада:
Норвегиялық тақырыптағы джаз импровизациялары мен Э.Григтің шығармалары
Дж.Верди «Травиата» операсының 2 актісінен «Прелюдия»
Б.Чилкотт «Кішкентай джаз мессасы»
Қ.Ахмедияров «Той күйі»
Е.Хасанғалиев «Жанарым»
Қ.Шілдебаев «Отан Ана»
(қобызшылар ансамбліне лайықтаған Ә.Толықбаев)
Ә.Толықбаев «Шабыт»
Dag ARNESEN (джаздық фортепиано, Норвегия)
Andrew WEB (контрабас), Gёtt MOEN (ұрмалы аспаптар)
Консерваторияның аралас хоры
Көркемдік жетекшісі: Ян Рудковский
Скрипкашылар ансамблі
Көркемдік жетекшісі Қорлан Халилова
Домбырашылар ансамблі
Виолончельшілер ансамблі
Көркемдік жетекшісі: Айжан Джулмухамедова
Қобызшылар ансамблі
Көркемдік жетекшісі: ҚР еңбек сіңірген артисі Ғайни Қоқыбасова
Концертмейстер: Шынар Кокыбасова
Сырнайшылар күй тартысы
Музыканттардың айтуы бойынша, концерттік бағдарлама классикалық музыка стилінде жаңа өрнектер табу мақсатыда композиторлардың дәстүрлі ұлттық музыканы қолдану арқылы «көркемдік зерттеудің» керемет үлгісі болады.
Даг С. Арнесен (пианист / композитор) кәсіби қызметін Бергеннің бас театрында музыкант ретінде бастаған. Жетпісінші жылдардың ортасында бірнеше джаз топтарының жетекшісі болған. Топтардың орындауындағы көптеген шығармалар Дагтың өзімен құрылып, өңделген. Композитор ретінде хор, әртүрлі ансамбльдерге шығармалар жазып, кинофильмдер музыкасының авторы болып табылады.
Даг С. Арнесен Норвегияда өтетін джаз фестивальдарының тұрақты қатысушысы. Джо Хендерсон, Элвин Джонс, Вуди Шоу, Фил Вудс, Филипп Кэтрин, Карла Блей, Джон Сурман, Пакито де Ривера, Мария Шнайдер, Джерри Бергонзи, Адам Нуссбаум, Густаво Бергалли және т.б. атақты халықаралық деңгейдегі жұлдыздармен бірге бір сахнада өнер көрсеткен.
«Музыка және өнер саласындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеушілік қауыдастық» - Баку Музыкалық Академиясы, Вано Сараджишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік консерваториясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Норвегиядағы Берген университетінің Григ атындағы Музыкалық Академиясы секілді жоғары білім беру серіктес-мекемелері арасында жаңарту мен интернационализациялауға ықпал ететін халықаралық жоба.
Альбомдарға оралу

Құрманғазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі
Қабылдау 2025