Menu HELPDESK

Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдени-шығармашылық қарым-қатынастар

2019 жылдың 12-14 ақпан аралығында Ресей Федерациясының Қазан қаласында V Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Ресей Федерациясының түрлі аймақтарынан және түркітілдес елдерден көптеген ғалымдар қатысты.

        Конференция аясында заманауи өнер галереясында белгілі ғалым, этнограф Р.Г.Мухамедоваға құрмет көрсетілді. Республикалық дәстүрлі мәдениетті дамыту орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Фанзиля Хәкімқызы Завгарова қонақтарды татар этнографиялық өнерінің әйгілі қайраткерінің бай шығармашылық тағдырымен таныстырды. Осы іс-шараға өзі қатысқан Рамзия Гиниатқызы үлкен ынтамен, ізгі ниетпен мамандықты игерудің қиын жолы туралы айтып, баға жетпес тәжірибемен бөлісті.

          Экспедициялық жұмыстардың керемет арсеналы және маңыздылығы жағынан ауқымды жарияланған еңбектер ғалымгың еңбекқорлығы мен қуатын көрсетеді. Осы таңғажайып адаммен танысу және пікірталас белсенді қатысқан жас ғалымдарға әсер қалдырды. Іс-шараның бағдарламасы ғылыми тұрғыдан қызықты және мазмұнды баяндамалардан тұрды.

Қазақстан Республикасы бұл конференцияда Қазақ ұлттық консерваториясының музыкатанушыларының жарияланымдарымен көзге түсті. Олар өнертану кандидаты, профессор Г.Ж.Мұсағұлова «Түркі музыкалық мәдениетінде ұлттық-спецификалық мәселелер» және өнертану кандидаты, «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті А. Р. Бердібай «Жаяу Мұса мен Абайдың ән шығармашылығы қазақ музыкалық-поэтикалық формасының дамуындағы жаңа кезең ретінде» атты мақалаларымен танылды.

Осы ғылыми іс-шарада «Музыкатану, Арт-менеджмент және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» факультетінің деканы Г. Ж. Мұсағұлова баяндама жасады. Онда ол қазақстандық кәсіби өнерге сүйенетін іргелі процестерді зерделеуді көрсетті. Осындай ғылыми кездесулер әр түрлі халықтардың этнографиялық мұралары мен музыкатану ғылымының қазіргі жай-күйімен танысуға жемісті ықпал етеді. Ғалымдар түрлі ұлттардың рухани мәдениетін зерттеуде түрлі аспектілер туралы үлкен қызығушылықпен мәліметтер алды.

hRQIAlyQC5g.jpg

Lk42aMGBrMk.jpg

1GHwVos-TYo.jpg

өнертану ғылымының кандидаты,

профессор

«Музыкатану, Арт-менеджмент

және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»

факультетінің деканы                                                               Г. Ж. Мұсағұлова

 

 

 

Альбомдарға оралу