Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Измаиловтың жеке концерті өтті
26 қараша 2024

26 қараша күні Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Измаиловтың жеке концерті өтті.
Жоғары дәрежелі музыкант консерваториямыздың 80 жылдық мерейтойын атап өтуге қосылғанын біз үшін үлкен мәртебе!
Концерт Фридерик Шопеннің шығармашылығына арналған нағыз фортепианолық музыка кешіне айналды. Нұрлан Измаиловтың шеберлігінің арқасында көрермендер Шопеннің шедеврлерімен сусындап, сол дәуірдің атмосферасын сезінді. Әр шығарма өте терең әрі сезімтал түрде орындалып, композитордың барлық эмоциялары мен бейнелерін ашып көрсетті.
Консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова Нұрлан Измаиловқа Қазақстанның музыкалық мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесі үшін құрметті профессор атағын салтанатты түрде табысты.






Қабылдау 2024