Menu HELPDESK

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлеріне арналған IX республикалық студенттік олимпиада

2017 жылғы 16 наурыздан бастап 21 сәуірге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ҚР жоғары оқу орындарының арасында IX республикалық пәндік олимпиада өткізеді. Олимпиада еліміздің мәдениет қайраткерлеріне арналған.

«Өнер», «Аспаптық орындаушылық», «Дирижерлік (хор)», «Вокалдық өнер», «Дәстүрлі музыка өнері», «Композиция» және «Арт-менеджмент».

Олимпиада болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға, оқу-танымдық қызметті ынталандыруға, сондай-ақ талантты және дарынды жастарды анықтауға арналған.

IX республикалық пәндік олимпиадаға Қазақстан Республикасы шығармашылық жоғары оқу орындарының және университеттердің музыка факультететтерінің студенттері шақырылады.

2017 жылғы 16 наурызда сағат 10:00-де Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен залында олимпиаданың салтанатты ашылуы болады. Ашу рәсімі кезінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сергей Тохтаров сөз сөйлейді.

«Осы жобаның ерекшелігі Қазақстанның жоғары кәсіби музыкалық білім беру орталығының бірі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды шығармашыл жастар үшін старттық алаңға айналғаны болып отыр. Жас қатысушылар үшін бұл конкурс үлкен сынақ, мұнда дарынды музыканттардың болашақ элитасы анықталады, Осындай Олимпиадалар сахнадағы құпиялармен танысу үшін бастауыш кәсібилерге өте қажет. Осының арқасында олар жеңімпаз болуға дағдыланады», деп атап өтті Жәния Әубәкірова .

Олимпиаданың ашылу салтанатына «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі; «Хассақ» этно-фольклорлық ансамблі; Игорь Шубинің басшылығымен «Sax Chorus ансамблі, Виоолончелистер дуэті: Эльдар Айтбеков және «Мақсат Нұрланов», концертмейстер Эльмира Валеева; Консерваторияның аралас хоры, дирижері Ян Рудковский; бұрынғы республикалық олимпиадалардың лауреаттары, Нұржан Тәжікенов (домбра), Абылай Тілепбергенов (домбра), Кеменгер Кадырбеков (дирижер) қатысады.

Консерваторияның ақпараттық бөлімі

Альбомдарға оралу