Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауын талқылау
22 қазан 2018

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын қолдау және үгіт-насихат жүргізу мақсатында ректор А.Жүдебаев, «Нұр Отан» партиясы өкілі және консерватория қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Алғаш сөз бастаған ұжым басшысы жолдаудағы оқу-білім, жастар мәселесі және басқа да тұстарына шолу жасап өтті.
Арман Әділханұлы өз сөзін жолдаудан үзінді келтіре тамамдады:
"Халқымыздың бай, қуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы. Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды." Елбасы әрбір жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келеді. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту. Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда. Осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытады. Сол сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ!
Биылғы жолдауын президент осылай аяқтады. Біз де бар күш-жігеріміз бен білімімізді сарп ете отырып алға қойылған міндеттерді орындаймыз деген сенім білдіргім келеді.

Екінші болып сөз алған "Нұр Отан" партиясының Алмалы ауданы филиалының төраға кеңесшісі Сейітханов Нұрбек Нұрланұлы былай деп түйіндеді:
Бүгін мен Елбасының 2018 жылдың 5-қазанындағы Қазақстан халқына жолдауына байланысты әрбір адамда туындайтын негізгі сұрақтар бойынша жас саясаттанушы маман ретінде шолу жасауды жөн көріп отырмын.
Бірінші сұрақ: жолдау әдетте жыл басында жолданатын, неге биыл ерте, 5-қазанда жолданды?
Себебі келесі қараша айында үкімет пен парламент қай салаға қанша қаражат жұмсау керектігі жөнінде есеп жасайды. Осыған байланысты Елбасымыз алдын-ала жолдау жасап жаңа тапсырмалар бойынша бөлінетін қаражат мөлшерін көрсетіп беріп отыр деп есептеймін.
Екінші сұрақ: осы жолдаудың форматы мен мазмұны ерекше болды. Жыл сайын парламентте жолданатын жолдау Ақордада жолданды, неліктен? Себебі биліктегі барлық лауазымды тұлғалар Елбасының алдында отырды. Әрбір билік аппараттарының мүшелерінен осы уақытқа дейінгі атқарған шаруаларын сұрап, екшелей отырып, келесі жылға жеке-жеке нақты тапсырмалар берілді. Сондықтан 2019 жылға қойылған міндеттер мен тапсырмалар орындалуы жағынан нәтижелі болады деп есептеймін.
Үшіншіден жолдау соңында Елбасымыз келесі 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялап отыр. Екі сағаттық жолдаудың түйіні жастар мәселесімен қорытындыланды. Неліктен? Себебі соңғы жылдары президент қай салада болмасын жастарға басымдылық беріп, қолдап отырғаны байқалады. Оған қоса біздің халқымыздың 40 пайызын жастар құрайтынын ескерсек, елбасының бұл бастамасы тектен-тек емес екенін аңғарамыз.
Жолдауда аталып өткен 6 бағыт бойынша нәтижеге жету үшін барлығымыз ат салысамыз деп сенемін.
Отырыста тағы да бірқатар қызметкерлер дайындап келген ақпараттарымен бөлісті.





Қабылдау 2025