Menu HELPDESK

Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндері аясындағы іс-шаралар



2023 жылдың 29 тамызында А. Жубанов атындағы кіші залда Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында, екі ел композиторларының шығармашылық кездесуі өтті.

Кездесуге Тәжікстан Композиторлар одағының төрағасы, Тәжікстанның халық әртісі, Талабхуджа Сатторов атындағы Тәжік ұлттық консерваториясының профессоры Амирбек Мусаев, Қазақстан Композиторлар қауымдастығының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Артык Токсанбаев, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшылығы мен музыкатану және композиция кафедрасының оқытушылары қатысты. Кездесудің модераторы ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор Галия Бегембетова болды.

Тараптар композиторлық ұйымдардың ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды. Шығармашылық кездесуді екі елдің жетекші музыканттарының қатысуымен концерт аяқтады.



















Альбомдарға оралу