Қазақстанның музыкалық этнографиясына 200- жыл
13 желтоқсан 2017
Іс-шара басқа да маңызды оқиғаларға орай : қазақтың музыкалық аспаптарын қайта жаңғыртқан қазақтың көрнекті ғалымы, Болат Сарыбаевтың 90- жылдығы мен Халық әні кафедрасының 30- жылдығына ұштастырылды.
Сондай-ақ конференцияға ғалымдар - Гилярова Н.Н., Харуто А.В. (П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Ресей); Jennifer Post (University of Arizona School of Music ethnomusicology Ph.D., АҚШ), János Sipos (Institute for Musicology, Folk Music and Dance Arhives, Будапешт, Венгрия), Саида Елеманова (ҚазҰӨУ, Астана) және тағы басқа да шақырылған көптеген қонақтар қатысты.
Кездесу аясында дәстүрлі орындау өнеріне, дәстүрлі музыканы зерттеудің заманауи әдістеріне, сондай-ақ өнер, білім және ғылымдағы дәстүрлі мәдениеттің мұралары бойынша дөңгелек үстелдер мен секциялық мәжілістер өткізілді.
Қонақтар арасында- дәстүрлі музыканың орындалуы мен оның даму заңдылықтарын зерттеумен айналысатын Түркия, Қырғызстан, Молдова, Башқұртстан, Өзбекстан, Қарақалпақстаннан және еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген дәстүрлі орындаушылар болды
Іс-шараның екінші күні, шақырылған шетелдік зерттеушілер мен дәстүрлі орындаушылардың шеберлік -класына арналды.
Бұдан басқа, Бекболат Тілеухан (Қазақстан), Рамиль Гайзуллин (Башқұртстан), Константин Московичи (Молдова), Жихан Юртчу (Түркия), Кутманаалы Сұлтанбеков (Қырғызстан), Абдиназар Поянов (Өзбекстан) Саламат Аяпов (Қарақалпақстан), Еркін Шүкіманов (Қазақстан), Ұлжан Бойбосынова (Қазақстан), «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және тағы басқалардың қатысуымен дәстүрлі музыкадан айтулы концерт болды.
Қабылдау 2025