Menu HELPDESK

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК – ТАБЫС КІЛТІ


«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» халықтың еңбекке деген сүйіспеншілігін дәріптеу және еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында еңбек етуде бар күш-жігерін босқа сарп етпей, өмірде кездескен түрлі қиындықтарға мойымаған әрі қоғамға пайдасын тигізген тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты флаерлер (инфографикалар) дайындау жобасын ұйымдастырады.

         Мақсаты: ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылында әр салада қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарын, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын тарату арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті насихаттау, жастарға үлгі ету.

         Қажырлы еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жеткен тұлғалардың еңбек салалары:

         - білім беру;

         - ғылым;

         - медицина;

         - мәдениет;

         - ауыл шаруашылығы;

         - өнеркәсіп.

         Көрнекті жетістіктің белгілері:

         - қоғамға және адамзатқа пайдасын тигізетін шәкірт тәрбиелеу, ұрпаққа мұра қалдыру;

         - өз еңбек саласын республикалық, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ету;

         - ғылымда, өндірісте жаңалық ашу.

         Қажырлы еңбектің белгілері:

         - ұзақ жыл бір салада еңбек ету;

         - өмірде және еңбекте кездескен түрлі қиындықтарға мойымау;

         - кәсіби біліктілгі мен дағдыларын және уақытын тиімді пайдалануға бағыттау;

         - еңбек жолында қайсарлық, қайраттылық, табандылық таныту.

         Қатысу шарттары:

         1. Тұлғалардың кандидатурасын үшінші тараптан Instagram желісіндегі өз парақшасында ұсынады. Ұсынылатын тұлғалардың жасына шек қойылмайды.

         2. Қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 23 наурызға дейін.

         3. Тұлғаларды ұсыну жарияланымында (пост) #қажырлыеңбек және #выдающийсяуспех хештегтерін қолдану міндетті.

         4. Тұжырымдаманың белгілеріне сай іріктелген тұлғалар туралы инфографикалар дайындалады.

         5. Тұлғалар туралы ақпараттар Ruh.kz, Kipd.kz сайттарында және Instagram парақшаларында жарияланады.

Альбомдарға оралу