«Бабалар жолы – халқының мұрасы, ұрпаққа аманаты!» атты Республикалық студенттік театрлар фестивалі өтті
28 ақпан 2019

2019 жылдың 25-26 ақпан күндері Астана қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Жастар жылы мен Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығына орай «Бабалар жолы – халқының мұрасы, ұрпаққа аманаты!» атты Республикалық студенттік театрлар фестивалі өтті.
Екі күнге созылған өнер додасына театр труппалары үлкен дайындықпен келген. Фестивальға «Тар заманда тарихты түгендеген Ермахан Бекмаханов» спетаклімен барған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дебют» театры І орын және «Үздік қойылым» номинациясын еншіледі. Дәл осы қойылымда Ермахан Бекмахановтың жұбайы Халиманың рөлін асқан шеберлікпен сомдаған Нұрай Айтуароваға «Үздік әйел адам рөлі» номинациясы бұйырды.





Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен ақшалай сертификат табысталды.
Қабылдау 2025