Menu HELPDESK

Белгілі қоғам қайраткерлері республикалық ЖОО студенттерін бағалы сыйлықтармен марапаттады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен өтіп жатырған ІХ Республикалық студенттік пәндік олимпиада аясында «Арт менеджмент» мамандығы бойынша шығармашылық ЖОО студенттерін диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жас арт-менеджерлердің шығармашылық және көркемдік жобалар ретінде дайындаған жұмыстарын (көрмелер, фестивальдар, веб-сайттар, арнайы көрсетілімдер мен іс-шаралар және т.б.) бағалаған қазылар алқасының құрамы қазақстандық танымал қоғам қайраткерлерінен құрылған:

Қазылар алқасының төрағасы:

Бекнұр Кисиков – Франчайзинг қауымдастығының президенті, Алматы қ. қоғамдық қорының мүшесі, жазушы

Қазылар алқасының мүшелері:

Ахметова Жанна – «Хабар» Агенттігі АҚ ҚазТВ бас редакторы, ҚР журналистика академиясының академигі, «Самрұқ», «Алтын Жұлдыз», Ақпарат министрлігінің Алтын қалам, халықаралық сыйлықтарының иегері

Бейсембекова Балжан Әбілқасымқызы – «Kaz Media Industry» қоғамдық қорының президенті

Газиев Руслан Азатұлы – «Business Creativ FMA» продакшн-компаниясының директоры 

Төлембек Айтолқын Ғалымқызы –  «El  production company» ЖШС бас директорының орынбасары

Тен Родион -  композитор, продюсер

Шакеримова Зере Шакеримқызы – Құрманғазы атындағы ҚҰК, педагогика және арт-менеджмент кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР АЕН корреспондент мүшесі, мәдениет және білім беру саласының үздігі.

Аталмыш мамандық бойынша олимпиада қорытындысы 6 сәуірде белгілі болды. Құрманғазы атындағы ҚҰК 3 курс студенті Мирас Мырзабековтың  демалыстың жаңа бағыты мен түрі Арт Туризм  ретінде ұсынған  «Тылсым әлем қақпасы – мәдени тур» атты жұмысы ең үздік жоба атанды.  Сондай-ақ пәндік олимпиада жеңімпаздары дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталып, арт-менеджмент саласындағы алдыңғы қатарлы мамандардың шеберлік кластары мен тренингтеріне қатысу, Отандық телеарналарда өндірістік практикадан өту мүмкіндіктеріне ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, Құрманғзы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 2017 жылдың 16 наурыз - 21 сәуір аралығында ҚР шығармашылық ЖОО студенттері арасында  ІХ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын өткізуде.  Олимпиада еліміздің белгілі қоғам қайраткерлеріне арналған.

Студенттік жарыс алты бағыт (мамандық) бойынша өткізілуде:  «Өнер», «Аспаптық орындаушылық», «Дирижерлау» (хормен), «Дәстүрлі музыка өнері», «Композиция», «Арт-менеджмент».

Олимпиада болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға, студенттердің оқу-танымдық қызметін қолдауға, сондай-ақ дарынды жастарды анықтап, қолдауға негізделген.

 

Құрманғазы атындағы ҚҰК Ақпараттық бөлімі

 

Альбомдарға оралу