Бибігүл Төлегенова атындағы ХІІ Халықаралық вокалистер байқауы өтті
20 қыркүйек 2023

2023 жылдың 11-17 қыркүйек аралығында Алматы қаласында КСРО Халық артисі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Бибігүл Төлегенова атындағы ХІІ Халықаралық вокалистер байқауы өтті.
Қазылар алқасының төрайымы қазақ халқының маңдайына біткен жұлдызы, әнші Бибігүл Төлегенованың өзі болды. Сондай-ақ, байқауда бақ сынаған өнерпаздардың орындаушылық шеберліктерін ҚР халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі, профессор Базарғали Жаманбаев, Халықаралық конкурстар лауреаты Елена Заремба (Люксембург), Форо Бонапарттағы музыка академиясының профессоры Анатолий Гусев (Италия), Коми Республикасының халық артисі, Прага операсының солисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Дамир Басыров (Чехия), Грэмми сыйлығының лауреаты, Фанодағы Вирджинио Федели Театро делла Фортуна қорының көркемдік жетекшісі (Италия), Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің мәдениет және өнер институтының доценті – Цзян Шанжун (Қытай) сынды өнер майталмандары бағалап, төрелік етті.
Қабылдау 2023