Menu HELPDESK

Бибігүл Төлегенованың X Халықаралық вокалистер конкурсы өтті

Қымбатты достар! Сіздермен қуанышты хабармен бөліскіміз келеді. Қыркүйек айының 14-23 аралығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, Бибігүл Төлегенованың X Халықаралық вокалистер конкурсы өтті. Италия, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Болгария елдерінен қатысқан өнерпаздар арасынан, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокалдық өнер» кафедрасының 2 курс студенті Мәдина Оразбай жүлделі 2 орынға ие болды. Жас өнерпазды консерватория ұжымы шын жүректен құттықтайды. 

Айта кетейік, аталмыш конкурс ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және «Мирас» қоғамдық ұлттық мәдени қорының ұйымдастыруымен өтті.




Альбомдарға оралу