Menu HELPDESK

Бибігүл Төлегенованың XI Халықаралық вокалистер байқауында студенттеріміз үздіктер қатарынан көрінді

2021 жылдың 12-қазанында Нұр-Сұлтан қаласында Халық артисі Бибігүл Төлегенова атындағы XI Халықаралық вокалистер байқауы өз мәресіне жетті. Консерваториямыздың 4 курс студенті Көшкінбаев Дінмұхамед (ұстазы, аға оқытушы Бекназарова Т.К.) байқаудың Бас Жүлдесін иеленсе, Мұхамедияр Ораз (ұстазы, аға оқытушы Байнешова Ж.Б.) 3-орын лауреаты, ал 4-курс студенті Мария Медетова (ұстазы Смольянина Е.В.) байқау дипломанты атанды. Сондай-ақ аталмыш байқауда  "Фортепиано" мамандығының 4 курс студенті Ғимарат Ерназар (ұстазы, прфессор Массовер С.А.)«Үздік концертмейстер» атанды.

WhatsApp Image 2021-10-12 at 16.47.26.jpeg
Жыл сайын өтетін айтулы байқауда Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және елімізден 60-тан аса өнерпаз бақ сынап, 15 қатысушы жүлдегер атанды. Бибігүл Ахметқызы: «Байқауға келген 60 адамның бәрін тыңдадық. Үндері әсем, бәрі де мықты. Талап бойынша 12 қатысушыны таңдауымыз керек болған. 15-ін іріктеп алдық. Себебі шынында бос жіберуге қимадық. Байқау өте үлкен деңгейде өтті. Бұл балалар тоқтап қалмауы керек. Біз салып берген даңғыл жолға адаспай түсіп, қанат қаға берсе екен.» - деп, жас өнерпаздарға өз ықыласын білдірді.

Консерваториямыздың мерейін көтеріп, жоғары деңгейде өнер көрсеткен студенттеріміз бен оларды тәрбиелеген ұстаздарымызға алғыс айтып, одан да жоғары шығармашылық табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіреміз.

WhatsApp Image 2021-10-12 at 16.47.25.jpeg





WhatsApp Image 2021-10-12 at 16.47.25 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-10-12 at 16.47.24.jpeg

WhatsApp Image 2021-10-12 at 16.47.26 (1).jpeg

Альбомдарға оралу