Menu HELPDESK

Білім күніне арналған мерекелік концерт

3 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында білім күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концерт мемлекеттік әнұранмен басталып, студенттер мен студенттік ұжымдардың орындауындағы музыкалық шығармалармен жалғасын тапты.

DSC_0473 2.jpg
DSC_0513 2.jpgDSC_0527 2.jpg

  Жиын басында консерваторияның бүгінге дейінгі жеткен жетістіктері айтылып, еліміздің мәдениетінің дамуына зор үлес қосып жүрген түлектер мақтанышпен еске алынды.
2018-2019 оқу жылында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 253 студент қабылдады. Олардың ішінде 57 студент әртүрлі байқаулардың жүлдегерлері.
Ұжым басшысы Арман Әділханұлы концертті құттықтау сөзбен бастап, алға қойылатын жаңа міндеттер мен жоспарлардан хабар берді.

DSC_0491 2.jpg       

      Сондай-ақ көпшілікке жаңадан тағайындалған факультет декандары мен бөлім басшылары  таныстырылды.
• Вокал, музыкалық білім және дирижерлау факультеті. Факультет деканы – өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Нүсіпова Айзада Сайфуллақызы
• Аспапта орындау факультеті. Факультет деканы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ерманов Жаннат Рахметоллаұлы
• Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер факультеті. Факультет деканы – өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Мұсағұлова Гүлмира Жақсыбекқызы
• Халық музыка факультеті. Факультет деканы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнер магистрі Әшіров Нүркен Нұрғалиұлы
2019 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 75 жыл толады. Келер жылға жоспарланған мерекелік іс-шаралар осы мерейтойдың аясында өтпек. Мұндай айтулы мерейтойды үлкен ауқымда тойлау жоспарланып отыр. Астана және Алматы қалаларының басты концерттік залдарында Гала концерттер ұйымдастырылмақ.


DSC_0546 2.jpgDSC_0569 2.jpgDSC_0608 2.jpg
Альбомдарға оралу