«Бірге орындау арқылы: Орталық Азия мен АҚШ-тың 25 жыл ынтымақтастығы» Халықаралық жоба аясындағы ұжымдық орындау дәстүрлері бойынша шеберлік класс
30 қыркүйек 2016
Қазанның 1 мен 6 аралығында Ф.Шопен атындағы Камералық залда американдық музыканттар мен қазіргі заман музыкасы саласындағы алдыңғы қатарлы «Omnibus» ансамблінің музыканттары мен композиторларының қатысуымен «Бірге орындау арқылы: Орталық Азия мен АҚШ-тың 25 жыл ынтымақтастығы» Халықаралық жоба аясындағы ұжымдық орындау дәстүрлері бойынша шеберлік кластары өтеді.
АҚШ-тан келген үш музыкант Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында бір апта көлемінде іріктеуден өткен Орталық Азия елдерінің он сегіз жас музыканттарымен қазіргі заман музыкасы бойынша шеберлік кластарын жүргізеді.
Шеберлік кластың қортындысы ретінде 6 қазанда өтетін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармаониясындағы есептік өнер көрсету болады. Концерт барысында өңірдегі тұрақтылық пен гүлденудің платформасын құру үшін музыка мен мәдениетаралық байланыс арқылы адамдардың бірігуінің жарқын мысалы ретінде көруге болады. Сонымен қатар, американдық және ортаазиялық дәстүрлі және қазіргі заман музыкалық тәжірибесінің мол әрі жан-жақты екендігін айқындай түседі.
*Шеберлік кластар мен концерт АҚШ пен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылуының 25 жылдығы мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан мемлекеттері тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлану құрметіне арналады.
** Жобаны ұйымдастырушылар: «Central Asia Promotion plus» ЖШС, Оңтүстік және Орталық Азияның істері бойынша бюроның қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен бірігіп CEC ArtsLink халықаралық қоры, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан Республикаларындағы АҚШ мемлекеттік департаменттері мен АҚШ елшіліктері.
Шеберлік кластардың басталуы сағат 10:00
Келем деушілерге есік ашық!
Құрмағазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі

Қабылдау 2025