Дүниежүзілік ұлттық мәдениет пен өнер фестивалінде «ХАССАҚ» этно-фольклорлық ансамблі Бас жүлдеге ие болды.
27 наурыз 2019
2019 жылдың 9-24 наурыз аралығында Сауд Арабиясында өткен Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының бастамасымен «WORLD FOLK.VISION»» дүниежүзілік ұлттық мәдениет пен өнер фестивалі және халықаралық «Nomad universe 2019» этнофестивалінің финалында «Этно-музыка» номинациясы бойынша «ХАССАҚ» этно-фольклорлық ансамблі Бас жүлдеге ие болды.
«ХАССАҚ» этно-фольклорлық ансамблі қазіргі заманғы қазақтың дәстүрлі музыкасы мен ежелгі түркілердің әскери-ұрандық сарындарын әдемі үйлестіріп жүрген ұжым. Ансамбль шығармашылығы ұрпақ тәрбиесінде жоғары мәнге ие болары даусыз. Бұл құбылысты қазақ халқының рухани жаңғыруының белгісі ретінде қарастыруға болады. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы Ержан Жәмеңкеев жетекшілік ететін ансамбльдің құрамы консерватория түлектерінен тұрады.
Дәстүрлі өнеріміздің мәртебесін әлем жұртшылығы алдында асқақтатқан «ХАССАҚ» этно-фольклорлық ансамбліне үлкен алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тілеп, әрқашан мерейлерің үстем болсын демекпіз.





Қабылдау 2025