Депутаттар Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттерімен кезесуде өзекті мәселелерді талқылады
Алматы қаласының Мәслихат және Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттерімен кездесіп, конституциялық реформа және Қазақстанның үшінші жаңғыртуы туралы әңгіме қозғады.
10 ақпан күні экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы, «Халық коммунистері» фракциясының депутаты Баймаханова Галина Абдрахманқызы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу тақырыбы: "Саяси реформалар мен конституциялық өзгерістер туралы ҚР Президентінің ұсынысын талқылау."
Кездесу барысында ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу, жалпы саяси және экономикалық жағдай, еліміздің техникалық жаңғыртуын жеделдету жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Үлкен өмірлік тәжірибесі бар, «Қазақстанның құрметті жер қойнауын барлаушы» атағының иегерімен кездесу жас ұрпақ пен ұстаздарға ерекше әсер қалдырды.
Қатысушылар ұсынылған өзгертулер заман талабына сай екендігіне көз жеткізді.
15 ақпан күні Алматы қ. Маслихат депутаты, «Тұран» білім беру корпорациясының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық инжинерлік академиясының академигі, ҚР БҒМ басқармасының мүшесі, ҚР ЖОО Ассоциациясының президенті, Алматы қ. қоғамдық кеңесінің төрағасы Алшанов Рахман Алшанұлымен кездесу өткізілді.
Кездесу тақырыбы: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жағандық бәсекеге қабілеттілік».
Студенттер мен профессорлық-оқытушылық құраммен кездесу барысында ол еліміздің беделін өрістетуге келешек ұрпақтың алдында қойылатын міндеттер мен әртүрлі саладағы жоғары жетістіктерге қол жеткізу туралы әнгіме қозғады.
Құрманғазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі