Menu HELPDESK

Диана Тэчермен шығармашылық кездесу өтті

2024 жылдың 4 наурызында консерватория қабырғасында музыка ғылымдарының докторы, Луизиана Монро университетінің (АҚШ) профессоры Диана Тэчермен шығармашылық кездесу (шебер-класс) өтті.

Шығармашылық кездесу өте мазмұнды және нәтижелі болды, Диана Тэчер арнайы фортепиано бөлімінің студенттерін тыңдап, түрлі жанрдағы және стильдегі фортепианолық музыканы орындау бойынша тамаша теориялық және практикалық кеңестер берді.

Консерватория ұжымы профессор Диана Тачерға уақытын бөліп, мазмұнды сабақтар бергені үшін шексіз алғысын білдіреді!





Альбомдарға оралу