Докторлық диссертация қорғауымен құттықтау
2016 жылдың 13 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы диссертациялық кеңестен оқу орынының тарихында алғашқы рет философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне 6D040100 – «Музыкатану» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғалды. Диссертация тақырыптары: Кокишева Марлен Тастемірқызы – «Заманауи Қазақстан композиторларының шығармашылығындағы симфониялық күй: жанрының генезис, типологиясы және дамуы». Тлеубергенов Арман Алдабергенұлы – «Т.Қажғалиевтің шығармашылығында этникалық көрініс әлемін жүзеге асыру»
Кокишева Марлен Тастемірқызының ғылыми кеңесшілері:
1.Бегалинова Гүлнар Абдрахманқызы – өнертану ғылымының кандидаты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті
2. Мэттью Пилчер – философия докторы (PhD), Солтүстік корольдік музыка колледжінің лекторы (Ұлыбритания)
Ресми рецензенттер:
1. Алиева Фарах Ширмамед кызы – өнертану ғылымының докторы, Әзірбайжан мәдениет және өнер университетінің ректоры
2. Айтуарова АжарТолықбайқызы – өнертану ғылымының кандидаты, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Музыкалық блім және хореография» кафедрасының доценті
Тлеубергенов Арман Алдабергенұлының ғылыми кеңесшілері:
1.Жұманиязова Раушан Кеңесқызы – өнертану ғылымының кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми ісі жөніндегі проректоры, «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті
2.Жераньска-Коминек Славомира – доктор (hability), Варшава университетінің Музыкатану университетінің тарих факультетінің профессоры (Польша)
Ресми рецензенттер:
1. Кирнарская Дина Константиновна – өнертнау ғылымының докторы, психология ғылымының докторы, профессор, Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының шығармашылық және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры
2. Мұсағұлова Гүлмира Жақсыбекқызы – өнертану ғылымының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының музыкалық өнер бөлімінің меңгерушісі
* Диссертация Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыкатану және композиция» кафедрасында дайындалған
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы әріптестерін докторлық диссертация қорғауларымен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді!
Құрманғазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі