Menu HELPDESK

"Домбыра" мамандығының студенті Әбиділда Мәртебе халықаралық байқауда жеңіске жетті

2020-2021 жыл аралығында "British Council" ұйымының ұйымдастыруымен халықаралық "Creative Spark Big Idea Challenge" конкурсы өткізілді. Бұл конкурста жаңа идея мен инновациялық жобаларды қолдау үшін әрбір сала бойынша жеңімпазға 2000£ грант тағайындалған болатын. Қазақстанның атынан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы "Домбыра" мамандығының студенті Әбиділда Мәртебе жетекшісі Кешубаева Динара Ермекқызының қолдауымен "More than music" аталымы бойынша Қазақстандық қатысушылар арасында жеңімпаз атанып, аталмыш грантқа ие болды. Студентімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

https://kazakhstan.britishcouncil.org/ru/programmes/education/creative-spark/big-idea-challenge

WhatsApp Image 2021-05-28 at 18.02.26 (1).jpeg


_2042968347_page-0001 (1).jpg
Альбомдарға оралу