Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, PhD докторы Аманкелді Күзеубайдың «Домбырамен ән салу» атты оқу-әдістемелік оқу құралы жарық көрді. Кітаптың тұсаукесері Жезқазған қаласы С.Сейфуллин атындағы кітапханада және Жезқазған саз колледжінде өтті. Тұсау кесер аясында еңбек авторы колледж студенттерімен кездесіп шеберлік сыныбын өткізді. Оқу-әдістемелік құрал балалар музыка мектептеріне және музыка колледждеріне арналған.
Консерватория ұжымы әріптесімізді еңбегінің жарыққы шығуымен шын жүректен құттықтап шығармашылық табыстар тілейді.