Menu HELPDESK

Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі (профессор А. Жолмұхамедованың сыныбы) виолончельші Шерәлі Мұханбетқалидің жеке концерті өтті

2025 жылдың 6 мамыр күні Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі (профессор А. Жолмұхамедованың сыныбы) виолончельші Шерәлі Мұханбетқалидің жеке концерті өтті.

Концертте камералық оркестр, виолончельшілер ансамблі, сондай-ақ Н. Ақбергенов, Д. Бабаев, А. Ақынер, А. Төлепова және М. Мұханбетнұр сияқты солистер өнер көрсетті. Дирижерлік пультте – С. Мұхтар, концертмейстер – Э. Валиева болды.

Кеш жайлы атмосферада өтіп, виолончель өнерінің шынайы мерекесіне айналды. Сахнада орындалған шетел композиторларының шығармалары көрермендердің көңілдерінде ерекше із қалдырды. Барлық орындаушыларға және қонақтарға керемет музыкалық кеш үшін алғысымызды білдіреміз!


  
 
Альбомдарға оралу