Menu HELPDESK

«Үздік студент - 2019»


Қымбатты достар! 2019 жылдың 27 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында Республикалық «ҰЛЫ ДАЛА ЖАСТАРЫ: БІРТҰТАС ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» атты конференциясы ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2 курс студенті Ғимарат Ерназар қатысып, «Жастар жылы» аясында білім, ғылым және өнер саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «ҮЗДІК СТУДЕНТ-2019» төсбелгісімен және «Жас-қыран» Республикалық талантты жастардың III кітап жинағына енгені үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Консерватория ұжымы атынан студентімізді шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!




Альбомдарға оралу