Елбасы EXPO-2017 аясында ұйымдастырылған Құрманғазы атындағы ҚҰК ұжымдарының Гала-концертіне қатысты
Астанада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұжымдарының Гала-концерттері өз мәресіне жетті, бұл EXPO-2017 халықаралық көрме қонақтары үшін үлкен тосынсый болды. Жұма күнгі Гала-концертке ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Үш күн бойына консерватория ұжымдары шақыртылған жеке орындаушылар мен бірге көрме қонақтарын музыкалық репертуардың сан алуандылығымен тамсандырды. Мерекелік іс-шараға жүзден астам тыңдарман жиналды.
Үш Гала-концерттің нағыз апофеозы Жәния Әубәкірованың орындауындағы «Гарри Поттер» және «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмдерінің саундтректеріне негізделген күтпеген музыкалық бағдарлама. Аталмыш тосын сый кезінде Қазақстанның Халық артисін консерваторияның қазақ ұлт аспаптар және симфониялық оркестрлері сүйемелдеді.
Жарқын әрі әсерлі классикалық және заманауи музыканың синтезі - концерттік бағдарламаның негізі идеясы болып табылады. Шақыртылған артистер қатарында қазақстандық эстрада мақтанышы, консерватория түлегі Карина Абдулина. Швейцариядан шыққан тамаша музыкант Геза Легоцки скрипкада Витторио Монтидің ғажайып туындыларының бір і«Чардашты» орындаған кезде, эмоциялардың қайнар көзіне айналғаны сөзсіз. Қазіргі заман орындаушылар ішіндегі ең керемет виртуоздың бірі, итальяндық трубашы Марко Пьеробон музыкалық материалды өзінің динамикалық серпінді энергиясымен жеткізу арқылы көрермендер алаңын би алаңын аайналдырды.
Көрме қонақтары хор, симфониялық, қазақ ұлт аспаптар және үрмелі аспаптар оркестрлерінің орындауында қазақ композиторларының сирек орындалатын шығармаларымен жаңа композицияларын тыңдай алды. Сахнаны креативті безендіру, ерекше жарықтық шешім, арнайы бейнелік сүйемелдеу тыңдаушылардың музыкалық әсерін күшейтуге септігін тигізеді.
Аталмыш шоуды өткізу үшін 300 адам ат салысты, концерт бойына дирижерлық пультта ең үздік дирижерлар, консерваторя түлектері Абылай Тілепбергенов, Қанат Омаров, Ян Рудковский, Мұрат Бисенғалиев, Мадияр Тойболды жетекшілік етті.
Әрбір концерт соңында көрермендер мен бейресми қарым-қатынас пен аяқталып отырды. Көргендеріне тамсанған қазақстандық және шетелдік көрермендер музыканттарға алғыс білдіріп, естелікке фотосуретке түсті.
Естеріңізге сала кетсек, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының концерттерін EXPO-2017 Халықаралық көрменің Youtube- тағы ресми парақшасынан тамашалауға болады.
Консерваторияның ақпараттық бөлімі