Menu HELPDESK

Елбасы мақаласы өнер саласы мамандарына үлкен мүмкіндіктер туғызып отыр

26 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында шаңырақ иесі, ректор Арман Жүдебаев бастаған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласын талқылаған жиын өтті. Ұжым басшылығы, оқытушы-профессорлық құрам және бірқатар қонақтардың қатысуымен өткен басқосуда жаңа мақаладағы өнер саласы мамандарына жүктеліп отырған нақты тапсырмалар айқындалып, оларды жүзеге асыру жайы талқыланды.

DSC_1456.jpg

Жиынды ашып берген басшы сөзін былай бастап:

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырылып отырған мақаласында Елбасы төл тарихымызға терең үңіліп, тарихи сананы жаңғырту мәселесін шұғыл түрде көтеруді айтып отыр. Осынау кең байтақ еліміз – Ұлы даланың сан қырлы тарихи, мәдени құндылықтарын дөп басып айтып, соны осы заманда жаңаша бағытта жинақтау, насихаттау, қажетімізге жарату үшін нақты шараларды тапсырып, дәстүрлі өнерімізді қазіргіден де жоғары деңгейде насихаттауға үлкен мүмкіндік жасап беріп отыр. Мақаланың 2 тарауындағы 5 пунктінде айтылған «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы бойынша атқарылуға тиіс шаралар, осы жоба аясында Елбасы ұсынып отырған «Дала фольк­лорының антологиясы», «Ұлы даланың көне са­рын­­дары» жинақтарын жасауға біз тікелей ат салысатын боламыз. Сонымен қатар, фольклорлық дәс­түр­дің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қа­зақстанның түрлі өңірлері мен өзге ел­дерге бірнеше іздеу-зерттеу экспе­ди­ция­ларын ұйымдастыру жөніндегі тапсырма да бізге жүктеліп отырған міндет», - дей келе, өзі де бірнеше тың ұсыныстар жасап, осы міндеттерді тез арада қолға алуды тапсырды.

Арман Әділханұлы консерваторияның фольклорлық лабораториясында бірнеше жылдан бері әртүрлі экспедициялардан жинақталған материалдарды хаттап, цифрландырып түрлі жинақтар дайындауды, тағы да жаңа іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыруды, биылғы қараша айының 13-14 күндері қара шаңырақта өткен «Бабадан аманат» дәстүрлі музыка фестивалін жылсайынғы дәстүрге айналдыруды, халқымыздың «Күй тартыс» өнерін жаңғыртуды, яғни тірі импровизациялық тартыс түрінде өткізуді, «Абай», «Қыз Жібек», «Біржан-Сара» сияқты ұлттық брэндке айналған операларды ұлт-аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен, негізгі партияларын дәстүрлі әншілердің орындауымен қоюды тағы да басқа жобаларды ұсынып отыр.

DSC_1447.jpg

DSC_1451.jpg

Жиынға қатысқан Қазақстан Республикасының халық артистері, консерватория профессорлары Ғафиз Есімов пен Базарғали Жаманбаев ағаларымыз ректордың ұлттық операларымызды дәстүрлі орындаушылармен қою туралы ұсынысын қолдайтындықтарын білдіріп, Елбасы мақаласына қатысты өз пікір-ұсыныстарын айтты.

Қонақтар ішінен Сыр өңірі жыршылық мектебінің өкілі, Ықылас атындағы ұлттық музыкалық аспаптар мұражайының басшысы Ұлжан Байбосынова отырыста сөз алып, мақалада тапсырылған жобаларға бірлесе ат салысуды ұсынып, өзінің ойларын ортаға салды.

DSC_1439.jpg

DSC_1432.jpg



Альбомдарға оралу