Елбасының жаңа «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылаған жиын өтті
25 қараша 2018
24 қараша күні Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында еліміздегі өнер саласында кәсіби мамандар дайындайтын ең алдыңғы қатарлы үш жоғары оқу орын басшылары ҚР халық артисі, профессор Айман Мұсақожаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев және шаңырақ иесі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымының докторы (PhD) Асхат Маемировтың қатысуымен Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласын талқылаған жиын өтті.

Басшылар жиналған көпшілікпен бірге жаңа мақаладағы өнер саласы мамандарына жүктеліп отырған нақты тапсырмаларды саралап, оларды жүзеге асыру жайын талқылады. Осы басқосуда сол міндеттерді орындау үшін, жалпы еліміздің өнер саласын заманауи бағытта дамыту жолында бірлесе жұмыс жасау мақсатында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі үш жақты меморандумға қол қойылды. Жиын барысында консерватория ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаевқа Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының құрметті профессоры атағы берілді.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025