Menu HELPDESK

Эльдар Сапараевтың шеберлік сағаттары

2 және 3 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында әлемдік деңгейдегі виолончелист әрі дирижер Эльдар Сапараевтың шеберлік сағаттары өтті.

Іс-шараға бөлінген  екі күн музыка туралы терең толғаныстарға, қарқынды жұмыс пен нағыз артистизмге толы болды. Маэстро өз тәжірибесімен бөлісіп ғана қоймай, студенттеріміздің жүрегінде өнерге деген махаббатты одан әрі тереңдетіп, жандандырды.

Кездесу барысында жасалған репортажбен бөлісе отырып, Эльдар Сапараевқа әсерлі сәттер үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл кездесу есте сақталатын тарихи оқиғалардың бірі болып қалатыны анық!

 
 
Альбомдарға оралу