Menu HELPDESK

Елена Федоровамен (Якутия) шығармашылық кездесу

2024 жылдың 22 сәуірінде сағат 14:30-да саясаттану ғылымдарының кандидаты, халықаралық Тәңірді зерттеу қорының директоры, Саха Республикасының Мәдениет үздігі, этнограф, «Еуразияшылдықтың рухани негіздері», «Тәңіршілдік» және т. б. монографиялардың авторы, Лена Федоровамен шығармашылық Консерваторияның оқу залында өтеді.

Көрермендер мен кездесуге қатысушыларға ежелгі түркі дәстүрлерін талқылауға мүмкіндік беріледі. Спикер өзінің жаңа монографиясы туралы әңгімелейді, сондай-ақ мәдени тәжірибелер мәселелерін қозғайды. Модератор ретінде педагогика ғылымдарының кандидаты, арт-менеджмент кафедрасының профессоры, Халықаралық Тәңірді зерттеу қорының Басқарма мүшесі Евфрат Мамбеков болады.

Шығармашылық кездесудің соңында қолтаңба-сессия жоспарлануда.

Альбомдарға оралу