Ермек Өміровтің Анатолий Бычковтың 95 жылдығына арналған «Асыл аға» авторлық концерті
18 ақпан 2025
18 ақпан күні Ғ. Жұбанова атындағы Камералық залда Ермек Өміровтің Қазақстанның халық әртісі, профессор, композитор Анатолий Бычковтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Асыл аға» атты авторлық концерті өтті.
Евгений Брусиловскийдің дарынды шәкірттерінің бірі болған Анатолий Бычков Қазақстан композиторлық мектебінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан тұлға. Өнер жолында әртүрлі музыкалық стильдерді зерттеп, оларды батыл үйлестіріп, ауқымды көркем шешімдер жасай білген жан.
Ермек Өміров - Анатолий Бычковтың ең көрнекті шәкірттерінің бірі, осы кешті ұлағатты ұстазына арнап, оның мәңгілік мұрасына құрмет көрсетті. Концертте консерватория студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблі композитордың авторлық музыкасын орындап, өнерсүйер қауымның қошеметіне бөленді.
Кешке қатысушылар мен көрермендерге ұрпақтар арасында жүргізілген музыкалық диалог үшін алғысымыз шексіз.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024