Menu HELPDESK

Консерватория профессоры халықаралық байқауларда төрелік жасады

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Басықара Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігіне қарасты «А.К.Глазунов атындағы Петрозаводск Мемлекеттік консерваториясы» ұйымдастырған Халықаралық байқауда қазылар алқасының құрамында болды. А.А.Репников атындағы «Солтүстік кубогында» халық аспаптарында орындаушылар бақ сынасқан. Ерсайын Бақытұлының жеңімпаздарды анықтау барысында жоғары кәсіби жұмысын ескере отырып, А.К.Глазунов атындағы Петрозаводск Мемлекеттік консерваториясының ректоры Алексей Александрович Кубышкин алғыс хатпен марапаттады.
Профессорымызды Беларусь Республикасы да құр қол қайтармады. «Староборисовка балалар өнер мектебі» ММ мен «Каралі» Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әуесқой ұжымы өткізген ІІІ Халықаралық «Туған жердің шабыты» вокалдық әрі аспаптық шығармашылық фестиваль-байқауында Ерсайын Бахытұлына мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі мен белсенділігі үшін алғыс хат табысталды. Алғыс хатты Халықаралық байқаудың директоры Елена Николаевна Любовникова табыстаған.
Алғыс хат иесіне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы да ризашылығын білдіреді. Оқу ордасының атын Халықаралық ареналарда танытып, музыка өнерінің өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген әріптесіміздің еңбегі әрдайым бағаланып, мерейі өсе берсін!

WhatsApp Image 2021-05-28 at 17.06.25.jpeg

WhatsApp Image 2021-05-28 at 17.06.26.jpeg
Альбомдарға оралу