Menu HELPDESK

«EURASIA PIANO FORUM» атты Халықаралық байқауда "Музыкалық білім және психология" кафедрасының студенттерін жүлделі болуымен құттықтаймыз !

     «Музыкалық білім»  беру бағдарламасының студенттері Болатов Айбек, 4-курс (Пак Элеонора Валентиновна) және Найманбаева Айгерім, 2-ші курс (Егимбаева Карлыгаш Булатовна) 2019 жылдың 27-31 наурыз аралығында өткен «Жастар жылына» арналған әртүрлі мамандық студенттеріне арналған фортепиано дайындығы бойынша «EURASIA PIANO FORUM» атты  V Халықаралық конкурсқа алғаш рет қатысты.
    Екі студенттеріміз  жүлделі орындарға ие болды және халықаралық байқаудың жеңімпаздары мен 2-ші орын лауреат  иегерлері атанды!


Байқаудың мақсаты - студенттерге арналған  жалпы фортепиано оқыту деңгейін анықтау; әр түрлі мамандықтардың жас музыканттарының фортепианоға (жеке және ансамбльге) деген қызығушылығын ынталандыру.
Байқаудың мақсаты - пианисттерге емес, жалпы фортепианоға  арналған, студенттердің  оқыту деңгейін анықтау; әр түрлі мамандықтардың жас музыканттарының фортепианоға (жеке және ансамбльге) деген қызығушылығын арттыру. Қатысушылар, клавирлік бароккодан қазіргі заманға дейін және Қазақстан композиторларының әр түрлі фортепианоға арналған шығармаларын орындады.
      Қатысушылардың шеберлігін Қазақстандық пианисттерден басқа Еуропалық музыкалық жоғары оқу орындарының танымал музыканттарынан тұратын беделді қазылар алқасы бағалады, олар: Рафаэль Салинас - ESMUC музыкалық жоғары мектебінің профессоры (Испания), Регина Химмельбауэр - Вена университетінің Джаз және танымал музыка  жөніндегі проректоры JAM MUSIC LAB (Австрия), Мария Луиза Балдассари Дж.Россини консерваториясының профессоры (Италия).
       Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын,
ВДиМО факультетін, «Музыкалық білім және психология» кафедрасының меңгерушісі – Калиакбарова Ляйля Токеновнаны және кафедра оқытушыларын студенттерінің жүлделі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

АЙБЕК ФОТО АСТАНА.jpg

АЙГЕРИМ ФОТО АСТАНА.jpg  
 
 
 
 
 
Альбомдарға оралу