Menu HELPDESK

Ф.Балғаеваның 90 жылдығына Құрманғазы атындағы ҚҰК өткізілген іс-шаралар

Ф.Балғаеваның 90 жылдығына Құрманғазы атындағы ҚҰК өткізілген іс-шаралар Фатима Жұмағұлқызы Балғаева кәсіби қобыз өнерінің жарқын тұлғасы. Өз ғұмырын және шығармашылығын кәсіби қобыз өнерінің іргеленуіне, Қазақстанның жоғары білікті орындаушылары мен ұстаздарын дайындауға арнаған ұлағатты ұстаз.
Қазақтың ұлттық қобыз мектебінің ірге тасын қалаушы. Ол қазақ ұлт аспаптарында алғашқы орындаушыларының бірі. Қазақтың қарапайым музыкалық аспабын әлемдік аренаға шығарушы да Фатима Балғаева.
ҚР Халық артисі, профессор Ф.Ж.Балғаева елу жылдан астам уақыт жемісті ұстаздық қызметін атқарды. Оның көптеген шәкірттері Республикаға танымал орындаушылар, ұстаздар. Қазақстанның әр аймағында, сонымен қатар Монғолия, Қырғызстан елдерінде оның шәкірттері еңбек етуде. Ұлт аспаптар оркестрінің жеке орындаушылары мен артистері, орта және жоғары оқу орындарының ұстазары, музыкалық ұжымдар мен мекемелердің жетекшілері өнегелі ұстаздың педагогикалық ұстанымдары мен дәстүрін жалғастырушылар.
Ф.Балғаеваның 90 жылдығына Құрманғазы атындағы ҚҰК төмендегі іс-шараларды өткізді:
1. «Өнері өнеге – тұлға» естеліктер кітабының тұсау кесері;
2. Ф.Балғаева орындауындағы дисктің тұсау кесері;
3. Ф.Балғаева атындағы қобыз класының ашылуы
4. «Өнері өнеге – тұлға» дөңгелек үстел;
5. Концерт.
Альбомдарға оралу