Menu HELPDESK

Орган клаcсының 50-жылдығына арналған Орган Музыка фестивалі

Орган клаcсының 50-жылдығына арналған Орган Музыка фестивалі

28, 29, 30 қыркүйек және 1 қазан –  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында орган класcының 50-жылдығына арналған Орган Музыка фестивалі өтеді.

Орган - тарихы бірнеше мың жыл бұрын жазылған көне музыкалық аспаптардың бірі. Әлемде екі бірдей орган жоқ, олардың әрқайсысының ауқымы мен диапазонына байланысты өзінің «табиғаты» және дыбысталуына тән сипаты бар. Ұлттық орган мектебінің тарихы 1967 жылдан бастау алды, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік өнер институтының Үлкен залында Қазақстанда алғашқы «Alexander Schuke» неміс фирмасы шеберлерінің органы орнатылды.

«Орган класының 50-жылдық мерейтойы - Қазақстан орган мәдениетінің 50-жылдық мерейтойы. Біз бірнеше жылдан бері өсіп, күшейгеніміздің арқасында класс оқушыларының күшімен орган концерттері мен фестивальдарын өткізе аламыз. Орталық Азиядағы бірде-бір мемлекет оған қол жеткізе алмайды», - дейді артистік және ұстаздық қызметі белсенділігінің арқасында орган мәдениетінің қалыптастыруна зор үлес қосқан фестиваль ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ғабит НЕСІПБАЕВ.

Фестивальда «D’EL’SA Consort» барокко музыкасының ансамблі (көркемдік жетекшісі Дина Құрманалинова) және консерваторияның симфониялық оркестрі  (дирижер Мадияр Тойболды) өнер көрсетеді. Жеке орындаушылар: ҚР еңбек сіңірген артисі  Ғабит Несіпбаев,  халықаралық конкурстардың лауреаттары  Әділ Несіпбаев, Мария Өмірбекова, консерватория орган класcының студенттері мен түлектері.

Фестивальдің үшінші күні Қазақ ұлттық өнер университеті ұстаздары С.Абылханова, Л.Латышова және В.Сейтбатталовалардың студенттері өнер көрсетеді. Олардың орындауында Бахқа дейінгі дәуір композиторларының, И.С. Бах, Т. Дюбуа, З. Карг-Элерт, сондай-ақ ХІХ-ХХ ғасыр композиторларының шығармаларын тыңдай аласыздар.

26 қыркүйек, сағат 11.00-де Құрманғазы атындағы ҚҰК Камералық залында (корпус Б) баспасөз конференциясы өтеді. Конференцияға Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ғабит Несіпбаев, Құрманғазы атындағы ҚҰК ғылыми және халықаралық қатынастар бойынша проректоры Раушан Жұманиязова, фестиваль қатысушысы Әділ Несіпбаев,  Құрманғазы атындағы ҚҰК музыкалық шеберханасының жетекшісі Аркадий Черкасов, консерватория Орган класcының оқытушысы Ирина Гавриленко  қатысады. 

Альбомдарға оралу