Menu HELPDESK

Француз альянсы өкілдерімен кездесу

2024 жылғы 2 ақпанда консерваторияда Ғылыми-шығармашылық және
халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор Ғалия
Бегембетова мен халықаралық бөлім басшысы Дамир Уразымбетовтың
ұйымдастыруымен Алматы қаласының Француз Альянсы өкілдерімен
кездесу өткізілді. 

Кездесуге Францияның Қазақстандағы елшілігінің мәдени
атташесі Клара Мейсен; Альянс Франсез атқарушы директоры Вивьен
Фуке; Альянс Франсез әкімшілік директоры Жанна Есдәулетова қатысты.


Тараптар Алматы қаласының Француз Альянсы 20 жылдығына арналған
мерейтойлық іс-шараларға арналған ынтымақтастық мүмкіндіктерін
талқылады. Іс-шаралар аясында консерватория базасында скрипкашы
Фредерик Жуанненің ЖОО студенттерімен шығармашылық резиденциясы
ұйымдастырылып, джаз әншісі Габи Артманн өнер көрсетпек.



Альбомдарға оралу