«Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» дәстүрлі ән фестивалі өтті
30 қыркүйек 2019
2019 жылдың 24-27 қыркүйек аралығында Арқа кәсіби ән өнерінің негізін қалаушылардың бірі Біржан сал Қожағұлұлының 185 жылдығына арналған Өңірқаралық «Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» дәстүрлі ән фестиваліне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының ұстаздары Еркін Шүкіманов, Тілеулес Құрманғалиев, Ардақ Исатаева, Мұрат Әбуғазы, Амангелді Күзеубайлар қатысып, Көкше елін өнерлерімен сусындатып қайтты.
Фестиваль Көкшетау қаласы мен Зеренді ауданы орталығы және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы орталықтарында өтті. Фестиваль жоспары бойынша консерватория өкілдері көпшілікпен бірге атақты Біржан сал, Ақан серінің мазарына зиярат жасап, Үкілі Ыбырайдың немересі Елемес апамен кездесіп, бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған Үкілі Ыбырайдың бірнеше әнін жазып алды. Оның ішінде халық композиторының соңғы қоштасу әні де бар.
«Үкілі Ыбырайдың соңғы қоштасу әнінің үш нұсқасын тыңдап, ерекше әсерде болдық. Бір ерекшелігі, мәтін Үкілі Ыбырайдыкі, ал әуен Елемес апаның бала кезінен жадында қалған мақам, саз болып отыр. Әзірге біз ол әуендердің құрылымынан, бірінші, Арқа аймағының қисса өнерінің мақамына жақын келетінін, екінші, қоштасу, сыңсу сазына өте жақын болып отырғанын байқадық. Біз үшін бұл өте құнды материал. Аталған фестивальге қатысуымызға қолдау білдірген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлына алғысымызды білдіреміз» - дейді «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі, әнші-ұстаз Амангелді Күзеубай.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025