Menu HELPDESK

Гобой музыкасының кеші өтті


2024 жылдың 1 сәуірінде А.Жұбанов атындағы концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының оқытушысы Сағымбаева Айман Жұмабайқызы сыныбының «Гобой музыкасының кеші» концерті болып өтті. 

Концерттік бағдарлама барысында Досымжан Аубакиров, Жанар Еленова, Барақ Тәджіғали, Нұржан Майлы өнер көрсетіп, Қ.Шілдебаев, Е.Күмісбеков, Е.Үсенов, С.Абдинұров, Ф.Дивиен, Г.Гендель, А.Паскулли, Р.Штраус сынды композиторлардың шығармалары орындалды.

Фортепиано партиясы – Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Баян Болжирова.




Альбомдарға оралу