
2018 жылдын 28-ші Қарашасында Кұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық Консерваториясының конференц-залында фортепиано кафедрасының доценті, композитор және ұстаз Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлжан Үзенбаевамен шығармашылық кездесу өтті. Бұл іс-шараға музыкатану және композиция кафедрасының оқытушысы Газизова Лилия Шамильевнаның жетекшілігімен фортепиано бөлімінің 3-курс студенттері жүгіндірілді. Кездесуде студенттер Гүлжан Ерікқызынан шығармашылығына байланысты сұрақ қойылып, Қазақстанның болашақ музыкалық өнері жайылы ойын сұрап, жеке шығармашылық өсуі, жас мамандардың өз-өзін таныту мәселелеріне байланысты сұрақтар қойылды. Сұхбат видео камераға жазылып алынды.
Кеш қонақтары ішінде оқу-әдістемелік жөніндегі, проректор Əбдірахман О.Б. және оқу процессінің жетекшісі Сарымсақова А.С, музыкатанушылар: профессор С Өтеғалиева, Г. Мұсағұлова, А. Бұлтбаева композиторлар Б. Дәлденбай, Е. Өміров т.б. болды.