III Ұлттық «Global SciCall: Жаңа білім қоры» жарияланымдар байқауына авторлық жұмыстарды қабылдау басталды
1 шілде 2025
III Ұлттық «Global SciCall: Жаңа білім қоры» жарияланымдар байқауына авторлық жұмыстарды қабылдау басталды.
Құрметті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар және магистранттар!
Халықаралық EDP Hub баспасы халықаралық IPR MEDIA баспасасымен бірлесіп авторларды «Global SciCall: Жаңа білім қоры» атты III Ұлттық жарияланымдар байқауына қатысуға шақырады.
Байқау оқулықтар мен оқу құралдарының авторларын қолдау, олардың жариялау белсенділігін ынталандыру және еңбектерін баспа және электронды басылымдар арқылы білім беру және ғылыми қауымдастық арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Байқау нәтижесінде EDP Hub ЖШС әзірлеген ұлттық E-UNI платформасы және ресми серіктес — IPR MEDIA компаниясының (IPR SMART электронды кітапханалық жүйесі, DataLIB онлайн білім беру платформасы және PROFобразование электронды ресурсы) білім беру платформалары негізінде Қазақстан Республикасының білім беру үдерісін қамтамасыз ету үшін бірегей оқу материалдары қоры қалыптастырылады.
Байқауға жоғары білім беру бағыттарының немесе техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің пән бағдарламаларына сәйкес әзірленген, қазақ, ағылшын немесе орыс тілдерінде жазылған оқулықтар мен оқу құралдары қабылданады. Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:
• Жаратылыстану ғылымдары бойынша ең үздік оқу басылымы;
• Техникалық ғылымдар бойынша ең үздік оқу басылымы;
• Ауыл, орман шаруашылығы және ветеринария саласындағы ең үздік оқу басылымы;
• Денсаулық сақтау және медициналық ғылымдар бойынша ең үздік оқу басылымы;
• Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша ең үздік оқу басылымы;
• Ең үздік ғылыми басылым (монография).
Байқау жұмыстары 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін izdat-edphub@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.
Нәтижелері 2026 жылғы 20 ақпанда жарияланады. Байқауға қатысу тегін.
Байқауға қабылданған барлық жұмыстар редакциялық-баспа өңдеуден кейін электронды форматта жарияланып, оларға ISBN, DOI тағайындалады. Сондай-ақ, байқауға қатысушыларға кітаптың баспа нұсқалары, жарияланым туралы және қатысушы сертификаттары табысталады.
Байқаудың өткізілу тәртібі, мерзімдері, қатысу шарттары, жүлде қоры, конкурс жұмыстарына қойылатын талаптар, бағалау критерийлері және басқа да толық ақпаратпен мына сайттан таныса аласыз: http://globalscicall.edp-hub.kz/.
Егер Сіз өз жұмысыңыздың санатын анықтауда немесе басқа да сұрақтар бойынша қиындықтарға тап болсаңыз, біздің редакциялық бөлімге хабарласыңыз. Маманlarımız сіздің жұмысыңызды жүйелеуге көмектесіп, барлық сұрақтарыңызға кеңес береді!
Назар аударыңыз! Егер материалдарды дайындау барысында сұрақтар немесе қиындықтар туындаса, сіз кеңес алу үшін келесі тұлғаларға хабарласа аласыз:
Фируза Исаханқызы — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-ақпараттық кітапхана және электрондық ресурстарды басқару бөлімінің жетекшісі
Телефон/WhatsApp: +7 777 206 20 71
Немесе байқау ұйымдастырушыларына тікелей хабарласыңыз:
Гүлжауар Бикжанова — Халықаралық “EDP Hub” баспасы (Алматы) және IPR MEDIA (Мәскеу)
Телефон/WhatsApp: +7 917 989 86 86
Электронды пошта: izdat-edphub@mail.ru


Қабылдау 2025