IV Халықаралық камералық музыка фестивалінің ашылуына орай концерт өтті.
2 сәуір 2019
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында IV Халықаралық камералық музыка фестивалінің ашылуына орай концерт өтті.
Фестивальдің ашылу салтанатында Франция, Чехия елдерінен арнайы келген халықаралық конкурстардың лауреаттары және консерваторияның ұстаздары мен дарынды жастары өнер көрсетті. Олардың ішінде:
Ronald Martin Alonso (Франция), Dagmar Šaškova (Чехия), «D’EL’SA CONSORT» ансамблі, Курманалинова Дина, Сапарбаев Еркебулан, Калько Ольга, Омирбекова Мария және т.б өнерпаздар жиналған көшіліктің ризашылығына бөленді.
Айта кетейік, камералық музыка фестивалі 4 сәуірге дейін жалғасады.
Қабылдау 2025